Оралда тонау және бопсалау дерегі бойынша күдікке ілінген қыздар ұсталды
© Фото: zakon.kz
Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу деректеріне сәйкес өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.
Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген.
Аталған деректер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекске сәйкес тонау және бопсалау әрекеттері үшін ауырлығына байланысты 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:57, 27 қаңтар 2025
Астанада прокурорлар 1 трлн теңгенің проблемалық кейсі мәселесін шешіп, инвесторларға көмектесті
-
18:53, 27 қаңтар 2025
Желідегі видео: Атырауда балалар үйінде ер адам жасөспірімді ұрған
-
18:39, 27 қаңтар 2025
Черчесов жұмысынан кетуіне қатысты пікір білдірді
-
18:20, 27 қаңтар 2025
Скандинавиядан жеткен антициклон: 28 қаңтарда елімізде ауа райы қандай болады
-
17:47, 27 қаңтар 2025
Димаш Құдайберген «Virtuosos» халықаралық байқауында қазылық етуде