Қонаевта көлік қағып кеткен бала қаза тапты

15:49, 21 қыркүйек 2026
MKZ: 1568018

© Фото: pexels

2026 жылғы 20 қыркүйекте Қонаев қаласының №10 шағынауданында көлік баланы қағып кетіп, қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желілерде ақпарат тарады.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасына (ЖКО) қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 20 қыркүйек шамамен сағат 18:40-та Қонаев қаласындағы көшелердің бірінде Hyundai автокөлігінің 22 жастағы жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінде болған кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен", – деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.

Қазір қажетті тергеу амалдарының барлығы жүргізіліп жатыр.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп мәлімдеді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство тергеу барысы полиция басшылығының бақылауында екенін атап өтті.

Сол күні Екібастұзда да осындай қайғылы жағдай болды. Онда алты жасар бала тұрғын үй ауласында жеңіл көліктің дөңгелегі астында қаза тапқан. Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!