Компьютерлік ойындарға әуестік жұмысқа орналасуға кедергі келтіреді – ғалымдар дәлелдеді

11:06, 30 желтоқсан 2025

© Сурет: pixabay

Компьютерлік ойындарға қызығушылық адамның жұмысқа қабылдануына кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz

Неміс ғалымдарынан құралған, доктор Йоханнес М. Баш жетекшілік еткен зерттеу тобы түйіндемеде (резюме) ойын тәжірибесін көрсету үміткерді бастапқы іріктеу кезеңінде қалай бағалайтынын анықтауды мақсат еткен. Бұл жөнінде Psy Post басылымы жазды.

Экспериментке әлеуметтік желілер арқылы іріктелген 162 адам қатысты. Қатысушылардың орташа жасы – 32 жас, олардың 64%-ы әйелдер. Тек 4%-ының ғана персонал іріктеумен айналысқан тәжірибесі болған.

Зерттеу барысында қатысушылар төрт топқа кездейсоқ бөлініп, өздерін кадрлар жөніндегі маман ретінде елестету сұралған. Барлық түйіндемелер бірдей болған, тек бір ғана айырмашылық бар: "хобби" бөлімінде екінші қызығушылық ретінде бірінде волейбол, ал екіншісінде компьютерлік ойындар көрсетілген.

Нәтижелер айқын болды: хоббиі ретінде компьютерлік ойындарды көрсеткен үміткерлер волейболмен айналысатындарға қарағанда жұмысқа лайықтылығы бойынша төмен баға алған.

"Біздің зерттеуіміз – кандидаттарды іріктеу кезінде ойын дағдыларының рөлін зерттеудегі алғашқы қадам ғана", – деп атап өтті ғалымдар.

Бұған дейін адамдарға жануардың бүйрегін трансплантациялай бастағанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!