Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы шектеулерді ұзартты

15:14, 29 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Қазақстанмен шекарада орналасқан "Даут-ата" бақылау-өткізу пункті (БӨП) арқылы адамдардың, жеңіл автокөліктер мен автобустардың қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі 2025 жылғы 29 желтоқсанда бұл шешімнің Өзбекстан Экономика және қаржы министрлігінің Кеден комитеті тарапынан қауіпсіздік мақсатында қабылданғанын нақтылады. Шектеулер өткізу пунктінде жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты енгізілген.

Айта кетейік, "Даут-ата" БӨП Қазақстанның Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан "Тәжен" өткізу пунктімен шектеседі.

Бұған дейін Өзбекстан Францияны ығыстырып, Қазақстанның негізгі сауда серіктестері қатарына енгені хабарланған еді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!