АҚШ-тағы «Болашақ» стипендиясына қатысты жағдай - министрлік түсініктеме берді

14:37, 29 желтоқсан 2025

© Фото: freepik

АҚШ университеттеріндегі уақытша шектеулер "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттердің стипендия төлемдеріне әсер етпеген. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство 2025 жылғы 29 желтоқсанда АҚШ-та білім алып жатқан "Болашақ" бағдарламасының студенттеріне арнайы үндеу жасады.

"Рождестволық демалысқа байланысты кейбір университеттерде әкімшілік және қаржылық қызметтердің жұмысы уақытша шектелген. Алайда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ тарапынан оқу ақысы мен студенттерге арналған барлық стипендия төлемдері толық көлемде жүзеге асырылды", – делінген ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ демалыс аяқталып, университеттердің жұмысы қайта жанданғаннан кейін қалған барлық үдерістер белгіленген тәртіппен аяқталатыны айтылды.

Бұған дейін Жамбыл облысында Қорғаныс министрі Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына арналған мемориалдық тақтаны ашқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!