Қолтырауындар мекендейтін өзенде олимпиада жарыстары өтеді
© Сурет: pexels
Бірнеше айға созылған пікірталастан кейін Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2032 жылғы Олимпиада ойындары аясындағы академиялық ескек есу және каноэда ескек есудің спринт түрінен жарыстарды Фицрой өзенінде өткізуге келісім берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ABC мәліметінше, 2032 жылғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының бір бөлігі Австралияның Рокгемптон қаласында өтеді. Алайда ескек есу және каноэдағы спринт жарыстарын өткізуге қатысты пікірталастар туындаған. Себебі жарыстар өтетін Фицрой өзені қолтырауындар мекендейтін аумақ.
Сарапшылардың бағалауынша, өзенде шамамен 500 жыртқыш бауырымен жорғалаушы бар.
Соған қарамастан Ойындардың инфрақұрылымы мен үйлестіру жөніндегі тәуелсіз орган (Games Independent Infrastructure and Coordination Authority, GIICA) және WaterProof Marine Consultancy and Services B.V. (WaterProof) компаниясының мамандары Фицрой өзеніне кешенді техникалық бағалау жүргізді.
Бағалау барысында өзен арнасы мен жарыс өтетін бағыт егжей-тегжейлі зерттеліп, ағыс пен су деңгейіне талдау жасалды. Сондай-ақ ойындар кезінде және оған дейінгі кезеңде ауа райының түрлі жағдайлары мен су тасқыны қаупі модельденді. Тексеру қорытындысы бойынша өзен жарыстар өткізуге қолайлы деп танылды.
Бұдан бөлек, қолтырауындар анықталған жағдайда қолданылатын арнайы қауіпсіздік хаттамалары әзірленді.
Ал Австралияның басқа бір қаласында жасөспірімдер хайуанаттар бағына заңсыз кіріп, қолтырауынға шабуыл жасаған. Жыртқыш жануар жеңіл, үстірт жарақат алған. Хайуанаттар бағында жануардың жағдайы жақсарып келе жатқанын және ветеринарлардың бақылауында екенін хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:47, 18 қыркүйек 2026
Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады
-
11:21, 18 қыркүйек 2026
Бір адамға – 15 шаршы метр: Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қойылатын талаптар күшейтілді
-
11:18, 18 қыркүйек 2026
Ақмола облысында жолаушылар пойызы мал үйірін қағып кетті
-
11:06, 18 қыркүйек 2026
Көлігін жаңа саяжайға айырбастамақ болған қазақстандық сотталды
-
10:54, 18 қыркүйек 2026
25 қыркүйекте Қазақстан мен Қытай шекарасы автокөліктер мен жүк тасымалы үшін жабылады





