Көлігін жаңа саяжайға айырбастамақ болған қазақстандық сотталды
© Фото: Zakon.kz
Қазақстандық көлігін сатып алған адамнан ақшасын күтпестен бұрынғы автокөлігін өз бетінше қайтарып алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кассациялық соттың мәліметінше, екі ер адам өзара келісімге келген. Бірі "Газель" эвакуаторын берсе, екіншісі оның орнына саяжай салып беруге тиіс болған. Алайда келісім орындалмай, автокөлік те, оның ақшасы да қайтарылмаған.
Көлік иесі мәселені полиция арқылы шешуге тырысқан. Алайда тәртіп сақшылары дауды азаматтық тәртіппен сотта шешу қажеттігін түсіндірген. Осыдан кейін ер адам 2025 жылғы 9 мамырда сол кезде басқа адамға тиесілі болған автокөлікті өз бетінше алып кеткен.
Нәтижесінде сот қазақстандықты озбырлық жасағаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Рақымшылықты ескере отырып, жаза мерзімі қысқартылып, шартты жаза тағайындалды. Сондай-ақ сотталған адамнан көліктің соңғы иесінің пайдасына автокөлік құны ретінде 4,6 млн теңге материалдық шығын өндірілді.
Алайда жәбірленуші – "Газельдің" соңғы иесі кассациялық шағым түсірді. Ол сотталған адамның әрекетін ұрлық деп танып, келтірілген шығын мөлшерін көбейтуді және жазаны қатаңдатуды сұрады.
"Кассациялық сот істі қарау кезінде К. автокөлікті бөтеннің мүлкін ұрлап, оған иелік ету мақсатында емес, оны өзінікі деп санап, қайтарып алу үшін алып кеткенін ескерді", – деп мәлімдеді сот.
Сондықтан оның әрекеті ұрлық емес, озбырлық ретінде дұрыс сараланған.
Кассациялық сот келтірілген шығынның 4,6 млн теңге мөлшерінде белгіленуін де негізді деп тапты. Бұл сома автокөліктің құны, куәгерлердің айғақтары және маманның көліктің нарықтық бағасы туралы қорытындысы негізінде айқындалған.
Кассациялық сот апелляциялық үкімді өзгеріссіз қалдырды.
Бұған дейін тағы бір қазақстандық бірнеше ай бойы жүкті әйелін азаптағаны үшін тағайындалған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасын Кассациялық сот арқылы жеңілдетуге тырысқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:02, 18 қыркүйек 2026
Астанада жасөспірім аялдаманың әйнегін сындырып тастады
-
11:56, 18 қыркүйек 2026
Дженнифер Лопеске ұқсайтын әйел ұрлық жасағаны үшін қамауға алынды
-
11:47, 18 қыркүйек 2026
Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады
-
11:21, 18 қыркүйек 2026
Бір адамға – 15 шаршы метр: Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қойылатын талаптар күшейтілді
-
11:18, 18 қыркүйек 2026
Ақмола облысында жолаушылар пойызы мал үйірін қағып кетті





