Бір адамға – 15 шаршы метр: Алматыда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қойылатын талаптар күшейтілді
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматыда тұрғылықты жері және уақытша болатын жері бойынша тіркеудің жаңа нормативі бекітілді. Енді азаматтарды тіркеу кезінде тұрғын үйдің ауданы ескеріледі. Әр адамға жалпы ауданның кемінде 15 шаршы метрі тиесілі болуы керек, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті шешім жобасын 2026 жылғы 18 қыркүйекте мәслихат сессиясында Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов таныстырды. Депутаттар жобаны қолдады.
Жаңа талап бір мекенжайға шамадан тыс көп адамды тіркеу жағдайын азайтып, қаладағы халық саны туралы деректердің нақтылығын арттыруға бағытталған.
Бұл ретте 15 шаршы метр – әр адамға жеке-жеке осындай көлемдегі тұрғын үй берілуге тиіс деген сөз емес. Бұл тек тіркеу кезінде қолданылатын есептік норматив.
Нормативтің тұрғын үй иесінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына қатысы жоқ. Яғни, белгіленген шектен асқан жағдайда да жұбайын, балаларын және олардың отбасы мүшелерін, жақын туыстарын, сондай-ақ асырауындағы, қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы адамдарды тіркеуге болады.
"Жаңа норматив тіркеу есебін ретке келтіріп, әр ауданда нақты қанша адамның тұратынын дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Бұл мектептер, емханалар, коммуналдық қызметтер және басқа да қалалық инфрақұрылымға түсетін жүктемені жоспарлау үшін маңызды", – деді Бауыржан Жаубасов.
Алматы мәслихаты мұндай нормативті белгілеу құқығына 2026 жылы 14 қыркүйекте күшіне енген "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" заңға енгізілген өзгерістерден кейін ие болды.
Жаңа тәртіп жалған тіркеу жағдайын азайтып, қала халқының саны туралы деректердің нақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:02, 18 қыркүйек 2026
Астанада жасөспірім аялдаманың әйнегін сындырып тастады
-
11:56, 18 қыркүйек 2026
Дженнифер Лопеске ұқсайтын әйел ұрлық жасағаны үшін қамауға алынды
-
11:47, 18 қыркүйек 2026
Алматы депутаттары Медеу мен Шымбұлаққа көлікпен кірудің жаңа тәртібін қолдады
-
11:18, 18 қыркүйек 2026
Ақмола облысында жолаушылар пойызы мал үйірін қағып кетті
-
11:06, 18 қыркүйек 2026
Көлігін жаңа саяжайға айырбастамақ болған қазақстандық сотталды





