Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді
© Сурет: pexels
Бүгінде желіде қызу талқыға түсіп жатқан тақырыптардың бірі - автокөлікті бес минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұл. Көпішілік мұны "жаңа" заң деп қабылдап, наразылықтарын ашық білдіруді. Норманы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №534 (ЖҚЕ) бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес, тұрақ – бұл көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату.
Ведомство бұл жаңалық емес екенін, норма ҚР ЖҚЕ-де 20 жылдан астам уақыт бойы бар екенін атап өтті.
"Егер көлік құралы жұмыс істеп тұрған қозғалтқышпен бес минуттан артық тұрса және бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызса, онда бұл жағдай ҚР ӘҚБтК 597-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылықтың құрамымен ("көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзу") қаралатын болады. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабын бұзғаны үшін азаматтарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.
"Ішкі істер органдары азаматтарға осы бұзушылық үшін жаппай айыппұл салуды мақсат етіп қоймайды. Аталған бап бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс азаматтардың шағымдары келіп түскен кезде және бұзушылық туралы дәлелдер болған кезде ғана қозғалады". ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті
Бұған дейін Сенаторлардың Қазақстанда пилотсыз авиация орталығын құруды ұсынғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:33, 9 қаңтар 2025
Оралда өзге көлік жүргізушілеріне тапаншамен қауіп төндірген ер адам ұсталды
-
22:51, 9 қаңтар 2025
Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр
-
22:20, 9 қаңтар 2025
Рудныйда есірткі зертханасы анықталды
-
21:16, 9 қаңтар 2025
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты
-
20:19, 9 қаңтар 2025
БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған