Астанада жасөспірім аялдаманың әйнегін сындырып тастады

12:02, 18 қыркүйек 2026
MKZ: 1567557

© Фото: Zakon.kz

Астанада Бөгенбай батыр даңғылында полиция қызметкерлері аялдама павильонының әйнегін зақымдау фактісін тіркеді. Құқық бұзушы 17 жастағы жасөспірім болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елорда полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім кешкі уақытта танысымен бірге аялдамада болған. Ол жерден кетіп бара жатып, аялдаманы аяғымен теуіп, нәтижесінде әйнек сынып кеткен.

Осыдан кейін олар автобусқа отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.

"Осы факті бойынша жасөспірім ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды", – деп хабарлады Астана полиция департаменті.

Полиция аялдама павильондарына және қалалық инфрақұрылымның басқа да нысандарына зақым келтіру құқық бұзушылық болып саналатынын және заңнамада көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.

2026 жылғы 17 қыркүйек кешінде Астанада тұрғынүйлердің бірінің ауласында атыс болған. Полицияның хабарлауынша, оқиға салдарынан ешкім жарақат алған жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!