Қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды
© Фото: Zakon.kz
Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды. Дархан Сатыбалды жағажайды тазарту үшін мердігерге соңғы рет ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қала басшысы аппарат кеңесінің отырысында Сайран көлінің санитария жағдайына ерекше назар аударды әрі құқық бұзушыларға бақылау жүргізіп, қатаң шара қолданбаған басқармаларды қатаң сынға алды.
Аудан әкімдеріне қаланың проблемалы учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылған.
Жаңғыртылып жатқан Сайранда жұрттың суға түсу маусымы басталып кеткен. Көбі ішкен сусыны мен жеген тамағының қалдықтарын отырған жерінде тастап кетеді. Соның салдарынан жағажайды қоқыс басып, әлден көркі кете бастапты.
Айта кетейік, жасанды көл маусымнан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланғанымен, абаттандыру әлі жалғасып жатыр. Полицейлер кеше көл жағасында рейд ұйымдастырып, тұрғындарға ескерту жасады.
Бұған дейін Сайран көлінен жасөспірім мен ер адамның денесі табылғандығы хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:17, 12 қазан 2026
Тоқаев пен Бельгиялықтар Королі Филипп Бірлескен мәлімдеме қабылдады
-
17:10, 12 қазан 2026
«Шаңырағыңыз биік болсын!» Король Филипп қазақша сөйледі
-
17:10, 12 қазан 2026
Король Филипп Қазақстанның бай тарихымен және мәдениетімен жақын танысуға ниетті
-
17:09, 12 қазан 2026
Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты
-
17:05, 12 қазан 2026
Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді





