Көкшетауда сүт субсидиясын жымқыру ісі: сотталғандардан 4 пәтер, 11 көлік және 6 жер учаскесі табылды
© Фото: Zakon.kz
Көкшетау қаласында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілеріне мемлекеттік субсидия ретінде бөлінген бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды. Бұл туралы 2026 жылғы 24 ақпанда Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеуді ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті жүргізді.
Екі жыл бойы "МолПродЖаркаин" ӘКК директоры А.С. Ефимкина және "Рассвет" шаруа қожалығының басшысы А.В. Маслов сүт және оны терең өңдеу өнімдерінің өндірісін арзандатуға арналған субсидияларды заңсыз алған. "Рассвет" шаруа қожалығында мәлімделген көлемде сүт өндіруге жеткілікті мал басы болмаған. Соған қарамастан электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде "МолПродЖаркаин" ӘКК-не 3 млн кг-нан астам шикі сүт жеткізілгені туралы жалған құжаттар рәсімделген. Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметі
Осы құжаттар негізінде сүтті сары май мен қатты ірімшікке өңдеу туралы есептер жасалып, уәкілетті орган өтінімдерді мақұлдағаннан кейін қаражат кәсіпорынның есепшотына аударылған.
Мемлекетке келтірілген жалпы залал 152 млн теңгені құрады.
Бұдан бөлек, алынған субсидиялардың бір бөлігі жасыру мақсатында Ефимкинаның туысының депозиттік шотына аударылған. Кейін бұл қаражатқа жалға беріліп, табыс табу үшін пайдаланылған мобильді ғимарат сатып алынған.
Тергеу барысында 6 жер учаскесіне, 4 пәтерге, 11 автокөлікке, мобильді ғимаратқа және өндірістік нысанға тыйым салынды.
Сот үкімімен А.В. Маслов пен А.С. Ефимкина 6 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Мобильді ғимарат мемлекет кірісіне тәркіленді.
Қалған мүлікке салынған тыйым азаматтық талап толық орындалғанға дейін сақталады.
Үкім заңды күшіне енді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:06, 24 ақпан 2026
Қойдың кейпіне енген үш ер адам Алжирді заңсыз кесіп өтпек болған
-
11:53, 24 ақпан 2026
Ауыл шаруашылығы министрлігі сиыр етін экспорттауға тыйым салу туралы ақпаратқа түсініктеме берді
-
11:37, 24 ақпан 2026
Архитектуралық-қалалық кеңес қалай жұмыс істейді: ереже бекітілді
-
11:25, 24 ақпан 2026
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
-
11:16, 24 ақпан 2026
Елордада жыл басынан бері кальянға қатысты 1600-ге жуық құқық бұзушылық анықталды





