Елордада жыл басынан бері кальянға қатысты 1600-ге жуық құқық бұзушылық анықталды

11:16, 24 ақпан 2026

© Фото: unsplash

Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері заңмен тыйым салынған орындарда кальян шегу деректерінің жолын кесуге бағытталған профилактикалық тексерулерді жалғастырып жатыр.

Жыл басынан бері қоғамдық тамақтану орындарында кальян мен темекі өнімдерін тұтынуға байланысты шамамен 1600-ге жуық құқық бұзушылық дерегі тіркелді.

Кезекті рейдтік іс-шара барысында полицейлер қаладағы мекемелердің бірінде заң бұзушылықты анықтады: келуші ғимарат ішінде кальян шеккен.

Құқық бұзушы заң аясында жауапқа тартылды. Еске саламыз, Қазақстанда мейрамханаларда, барларда, клубтарда және өзге де қоғамдық орындарда кальян шегуге тыйым салынған.

Полиция тұрғындарды қолданыстағы заңнаманы сақтауға, ал мекеме иелерін өз аумағында белгіленген талаптардың орындалуын қадағалауға шақырады. Профилактикалық тексерулер алдағы уақытта да жалғасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!