Көкшетауда қоғамдық көліктер жанармай іздеп әлек
Көкшетауда қоғамдық көліктер дизель отынының тапшылығына байланысты толық құрамда қызмет атқара алмай отыр.
Естеріңізде болса, осыдан он күн бұрын Ақмола облысының жанармай құю бекеттерінде сұйық отынның жоқ екенін айтқан болатынбыз. Аймақтағы мәселе әлі күнге дейін шешілмепті. Проблема әсіресе күнделікті жолаушылар тасымалымен айналысатын мекемелерге қатты батуда.
Айтуларынша, автобус жүргізушілері күн сайын рейске дейін және рейстен кейін 2-3 сағаттап жанармай іздеуге мәжбүр.
Тіпті кей күндері автопарктің жартысынан астамы жанармайдың жоқтығынан жолға шықпай қалған көрінеді. Айта кетейік, Көкшетаудағы 4 автопарк күніне 12-14 тонна шамасында дизель отынын тұтынады екен.
Рүстем Қалышев, Қалалық жолаушылар тасымалы қауымдастығының төрағасы
-Соңғы он күн бойы қалада дизель отынымен қиындық туындады. Автобустар жанармайды іздеп табу үшін таңғы 5-тен бастап қаланы аралауға мәжбүр. Бар жердің өзінде қымбат. АИ-80 маркалы бензин де сондай. Осы проблеманың кесірінен өткен сенбі күні қаладағы 150 автобустың 40 пайызы жұмысқа шықпай қалды. Абырой болғанда демалыс күні болған соң, халыққа аса біліне қойған жоқ.
Досхан Әмренов, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жетекшісінің орынбасары
-Энергетика министрлігі біздің облысқа қазан айы үшін 3 мың тонна дизель отынын бөлді. Қазір оны жеткізу жағы қарастырылып жатыр. Осы айдың екінші он күндігінде ол аймақтағы барлық жанармай құю бекеттеріне үлестіріледі. Одан бөлек, олардың өздері де тұтынушыларының сұранысын қанағаттандыру үшін сырттан жанармай сатып алады. Сондықтан енді проблема болмайды деген ойдамын.
Дереккөз: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:12, 15 желтоқсан 2025
Қазақстанда жиі кездесетін алаяқтық түрлері аталды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да ақтүтек боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:50, 15 желтоқсан 2025
БҚО-да қарлы боранда хабар-ошарсыз кеткен тағы бір адам өлі табылды
-
20:35, 15 желтоқсан 2025
«Қатып өлген». БҚО тұрғындары қалың қар астында қалып кеткен қойларын қолмен аршып алуда
-
19:56, 15 желтоқсан 2025
70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды





