Алматыда Ұлттық домбыра күні қалай тойланады

12:44, 4 шілде 2024

© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады. Осыған орай Алматыда 7 шілде күні сағат 20:00-де Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында "Аңыз Домбыра" концерті өтеді.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, сахнада Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Секен Тұрысбек, Айгүл Қосанова, Асылбек Еңсепов, Шолпан Даржанова, Әбділхамит Райымбергенов, Нұркен Әшіров, Ардақ Балажанова, Нұржан Жанпейісов, "Қоңыр" тобы, "Сазген" фольклорлық-этнографиялық ансамблі, "Салтанат" би ансамблі және т.б. өнер көрсетеді.

Танымал күйшілер Кенен Әзірбаев, Төлеген Момбеков, Әсет Бейсеуов, Мейрамбек Жанболатов және т.б. халық әндері мен шығармаларын орындайды.

Бұған қоса, шаһар тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларды тамашалай алады

Сондай-ақ, қаланың барлық ауданында Ұлттық домбыра күніне арналған бірқатар мәдени іс-шара өтеді:

"Алатау ауданында 4 шілде күні сағат 15:00-де Alatau Creative Hub – Алматы кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлескен іс-шара өтеді. Мерекелік бағдарламада шығармашылық ұжымдар сөз сөйлейді. Іс-шараның басты мақсаты-этносаралық қатынастарды нығайту және қазақ мәдениетін насихаттау. Сонымен қатар, 5 шілдеде сағат 11:00-де Мультимедиялық дәстүрлі музыканың орталығында "Қазағымның жүрегінен жаралған, Бабамыздың үнісің сен – домбыра!" концерттік бағдарламасы ұйымдастырылады.
  • Әуезов ауданында 5 шілдеде сағат 11:00-де "Family" саябағында концерт өтіп, эстрада артистері Құрманғазы, Дәулеткерей және Тәттімбет шығармаларын орындайды. Сонымен қатар, "Сарыарқа" скверінде сағат 11:00-ден 16:00-ге дейін қолөнер жәрмеңкесі өтеді;
  • Бостандық ауданында 5 шілде күні сағат 14:00-де "Mega Alma-Ata" СОО аумағында Ұлттық домбыра күнін тойлау құрметіне "Күмбірле қоңыр домбыра" мерекелік бағдарламасы өтеді;
  • Медеу ауданында 4 шілде күні сағат 12:00-де Нұрғиса Тілендиев мемориалдық музейіне келушілер дәстүрлі жанр артистерінің қатысуымен "Сиқырлы үні" концертін көре алады. Сондай-ақ сағат 11: 00-де Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Dombyra fest флешмобы өтеді.
  • Наурызбай ауданында 5 шілде күні сағат 11:00-де Шұғыла, 347/4 мекенжайындағы Инновациялық шығармашылық орталығында мерекеге орай концерттік бағдарлама болады.
  • Түрксіб ауданында 5 шілде күні сағат 17:00-де Сауранбаев көшесіндегі Арбатта домбыра күніне арналған "Алтын домбыра" домбырашылардың флэшмобы өтеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!