Мохаммад Мохбер Астанаға келді

23:40, 3 шілде 2024

© Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі

Иран Ислам Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Мохаммад Мохбер Қазақстан астанасына келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әуежайында оны Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин қарсы алды.

Мохаммад Мохбер Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-отырысына қатысады.

Өткен жылы Нью-Делидегі саммит барысында Иранның ШЫҰ-ның толыққанды мүшесі ретінде ұйымға кіруі нақты рәсімделді. Иран мемлекетаралық бірлестіктің тоғызыншы мүшесі болды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!