Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді

14:29, 3 шілде 2024

© Сурет: primeminister.kz

Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-Министрі Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Астанаға келді.

Елорда әуежайында Шахбаз Шарифті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қазақстан мен Пәкістан ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылын, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастығын дамытуда.

IT-индустрия және қаржы саласы да перспективалы бағыттар болып саналады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!