Кәсіпкер мал шаруашылығы жобасына бөлінген 60 млн теңгені жымқырған
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қызылорда облысында мал шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаны іске асыруға бөлінген қомақты қаржы жымқырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) 2026 жылғы 30 қыркүйектегі мәліметінше, 2021 жылы "Байқоңыр" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" АҚ-ның қатысуымен "Сыздық Ата" ЖШС бірлескен кәсіпорны құрылған.
Жобаның жалпы құны 311 млн теңгені құраған. Оның мақсаты ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту және Жаңақорған ауданының тұрғындарын қолжетімді бағамен сапалы ет өнімдерімен қамтамасыз ету болған.
"Жоба аясында корпорация серіктестіктің жарғылық капиталына 151,5 млн теңге салған. Бұл қаражат 1 600 бас қой, 130 бас ірі қара және етті қаптауға арналған жабдық сатып алуға бөлінген. Тергеу деректеріне сәйкес, мал сатып алынғаннан кейін ЖШС басшысы қаражаттың бір бөлігін заңсыз шығару схемасын ұйымдастырған. Жалпы сомасы 60 млн теңге күдіктінің бақылауындағы "Нұрай" және "Абылайхан" жеке кәсіпкерліктерінің шоттарына заңсыз аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған", – деп хабарлады ҚМА.
Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі екі көлік құралына тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Астанада емхана басшылары мен қызметкерлеріне қатысты үкім шықты. Олар жалпы сомасы 700 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырып, оны техника сатып алуға, Италияға сапарға және несие төлеуге жұмсаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:32, 30 қыркүйек 2026
Қостанай облысының екі шағын ауылында мобильді интернет іске қосылды
-
11:25, 30 қыркүйек 2026
Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін мониторингтеу қағидаларын өзгертті
-
11:17, 30 қыркүйек 2026
700 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырып, Италияға барған: Астанада емхана басшылары мен қызметкерлері сотталды
-
11:06, 30 қыркүйек 2026
Зайсан көліндегі қайғылы оқиға: бір апта іздестіруден кейін екі балықшының денесі табылды
-
10:54, 30 қыркүйек 2026
Ақтөбеде үш қабатты рестобардың шатыры өртеніп, тұрғындарға қауіп төнді





