Қостанай облысының екі шағын ауылында мобильді интернет іске қосылды

11:32, 30 қыркүйек 2026
MKZ: 1569677

© Сурет: Kcell

30 қыркүйекте "Кселл" АҚ Қостанай облысы Қамысты ауданының Аралкөл және Дружба ауылдарында LTE желісін іске қосты. Бұған дейін бұл елді мекендерде негізінен спутниктік арналар арқылы дауыстық байланыс қана қолжетімді болып, мобильді интернет болмаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аралкөл мен Дружба ауылдарында радиорелелік желілер арқылы қосылған жаңа базалық станциялар салынды.

Трафикті жерүсті арналары арқылы жеткізу үшін компания мамандары Раздольное ауылы арқылы өтетін жеке техникалық схеманы әзірледі. Аралкөлде жабдық қолданыстағы мұнараға орнатылса, Дружба ауылында биіктігі 30 метр болатын жаңа антенна-мұнаралық құрылым салынды.

Әр станция үш секторлы режимде жұмыс істейді. Олар ауыл аумағын, сондай-ақ кіреберіс және шығаберіс жолдардың учаскелерін байланыспен қамтиды. Өлшеу нәтижелеріне сәйкес, мобильді интернет жылдамдығы Дружбада шамамен 70 Мбит/с-қа, Аралкөлде шамамен 40 Мбит/с-қа жетеді.

Аралкөл мен Дружбада халық саны аз болғанымен, заманауи байланыс қызметтеріне қолжетімділік кез келген елді мекеннің тұрғындары үшін маңызды. Қазір Қамысты ауданындағы Дружба ауылында 94 адам тұрады. Мұнда жалпы білім беретін мектеп, фельдшерлік-акушерлік пункт және ауыл әкімінің аппараты жұмыс істейді. Мектепте 22 бала білім алады, алты педагог сабақ береді. Аралкөлде де ауыл әкімінің аппараты жұмыс істейді. Бұл ауылда қазір 81 адам тұрады.

 Қостанай облысының екі шағын ауылында мобильді интернет іске қосылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.09.2026 11:32

Сурет: Kcell

Жоба цифрлық теңсіздікті азайту жұмыстарының бір бөлігі болды. Бұл міндетті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айқындаған болатын. 2020 жылы байланыс операторлары "250+" жобасы аясында күш біріктіріп, халқы аз ауылдарды мобильді интернетпен қамтуға кірісті. Бүгінде байланыс желісін іске қосу үшін арнайы техникалық шешімдер қажет болатын шалғай ауылдар үшін де бұл міндет өзекті болып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!