Ақтөбеде үш қабатты рестобардың шатыры өртеніп, тұрғындарға қауіп төнді

10:54, 30 қыркүйек 2026
MKZ: 1569673

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

2026 жылғы 30 қыркүйекке қараған түні Ақтөбе қаласының Астана ауданында үш қабатты рестобар ғимаратының шатыры өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) мәліметінше, Вавилов көшесінде орналасқан рестобарды өрт шарпыған. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жоғары деңгейдегі шақырту бойынша барған.

"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан екі оттегі баллонын алып шықты. Сондай-ақ жалынның жақын орналасқан бес жеке тұрғын үйге және көлік жуу орнына таралуына жол бермеді", – деп нақтылады ТЖМ.

Өрт толық сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Бұған дейін Щучинскіде ерлі-зайыпты қаза тапқан жеке үйді қасақана өртеді деген күдікпен 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталғаны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!