Кәсіп иелерінің 70%-ы салық жеңілдігін пайдаланады
© Фото: pexels
Қазақстанда 1111 түрлі қызмет көрсету саласы бар, оның ішінде шамамен 2 миллионға жуық жеке кәсіпкер жұмыс істейді. Олардың басым көпшілігі – шағын және орта бизнес өкілдері, олар үшін салық кодексінде арнайы жеңілдік – "арнайы салық режимі" қарастырылған.
Бұл режим есеп жүргізуді жеңілдетіп, салық жүктемесін азайтуға бағытталған.
Экономика және Қаржы министрлігінің мамандары осы салықтық өзгерістерді түсіндіру мақсатында бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Қазіргі таңда кәсіпкерлердің 70%-ы арнайы салық режимін пайдаланып отыр. Ал қалғаны – ірі немесе күрделі, сондай-ақ жоғары табысты қызмет салаларында жұмыс істейтін кәсіпорындар, олар жалпыға бірдей салық төлеуге міндетті, деп жазады qazaqstan.tv.
"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркеновтың айтуынша, жеңілдік ала алмайтын 44 кәсіп түрі бар. Оларға лицензиялы қызмет түрлері, мысалы, спирттік өнім сататын дүкендер, казино, лотерея, букмекерлік кеңселер, сақтандыру қызметтері және кейбір көлік тасымалы кіреді. Сонымен қатар адвокаттар, нотариустар, құрылыс және жылжымайтын мүлік операциялары да кіретін бұл салаларда кіріс жоғары болғандықтан бақылау күшейтіледі.
Кездесуде кәсіпкерлер салық жеңілдіктері, әкімшілік хаттамаларды азайту және саланы цифрлық форматқа көшіру мәселелері бойынша сұрақтар қойды. Түсіндіру жұмыстары әрі қарай жалғасатыны хабарланды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:10, 7 желтоқсан 2025
Құтқарушылар алматылықтарға қолайсыз ауа райына байланысты үндеу жасады
-
17:35, 7 желтоқсан 2025
Ақмола облысындағы жолда полицей қаза болды
-
17:09, 7 желтоқсан 2025
8 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
16:46, 7 желтоқсан 2025
IBA аясындағы әлем чемпионаты: бүгін ел намысын үш боксшы қорғайды
-
16:32, 7 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген туралы кітап басылып шықты





