Кәмпит пен балмұздақ ұсынған: Астанада балаға тиіскен ер адам жазаланды
© Сурет: pixabay
Астанада кішкентай балаға тиіскенер адамға айыппұл салынды. Ол баланың соңынан қалмай, оны өзімен бірге бір жаққа алып кетпек болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқа мәлімет бойынша, Астанада тәртіп сақшылары балаға азғындық жасамақ болған ер адамды ұстады. Оның бұл әрекетінен тек әкімшілік құқық бұзушылық құрамын ғана тапқандықтан, күдікті айыппұлмен құтылып кетті.
Жақында әлеуметтік желіде бейнебақылау камераларына түсірілген бейнежазба тарады, онда ересек адам баланың жанынан бір елі қалмай, оны қайта-қайта әңгімеге тартқаны көрсетілген. Желі қолданушылардың айтуынша, ересек ер адам балаға кәмпит пен балмұздақ ұсынып, оны өзімен біргеалып кетпек болған.
Баланың анасы полицияға хабарласып, белгісіз ер адам үйдің ауласында ұлына тиіскенін айтқан. Осы факті бойынша полиция Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 434-бабының 1- бөлігі бойынша (Ұсақ бұзақылық) әкімшілік іс қозғады.
"Жиналған материал Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына шешім қабылдау үшін жолданды, сот қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК (69 мың теңге) көлемінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", — деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді
-
19:53, 19 желтоқсан 2025
Астанада бір мезетте 40-тан астам шыршаның шамы жағылды





