Кемінде 200 млрд теңге бағытталады: Сапаров ет бағасын тұрақтандыру шараларын айтты
© Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров 2025 жылғы 24 желтоқсанда өткен баспасөз кездесуінде сиыр еті бағасының қымбаттау себептерін түсіндіріп, қызыл ет өндірісін қолдауға кемінде 200 млрд теңге бағыттау жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі – қызыл ет, яғни сиыр және қой етін өндіру.
"Сыртқы нарықтардағы жоғары сұраныс пен етті өткізу тізбегінің күрделілігі, оның ішінде тиімсіз делдалдардың болуы сиыр еті бағасының өсуіне әкелді. Алайда бұған дейін бағалар ұзақ уақыт бойы тұрақты болып келді, яғни жинақталған әсер де бар. Фермерлерден көтерме сатып алу бағасы өсті, ол бөлшек саудадағы өсімнен әлдеқайда төмен болғанымен, белгілі бір деңгейде қымбаттау байқалады. Бұл өз кезегінде фермерлерді өндірісті арттыруға ынталандырады, ал ол үшін қаржыландыру құралдары қажет", – деді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша, қыркүйек айында бордақылау алаңдарына арналған айналым қаражатын несиелеу бағдарламасы іске қосылған. Ал 2026 жылдан бастап басқа да жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары басталады.
"Жалпы салаға кемінде 200 млрд теңге көлемінде несие бағыттау жоспарланып отыр, алдағы уақытта бұл соманы ұлғайту мүмкіндігі де бар. Бұл қаражат асыл тұқымды аналық малды әкелуге де жұмсалады, бұл мал басын қарқынды өсіруге негіз қалайды", – деді министр.
Айта кетейік, 2025 жылғы 23 желтоқсанда Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сиыр етін экспорттауға енгізілген шектеулердің ел ішіндегі ет бағасына әсері туралы пікір білдірген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:50, 24 желтоқсан 2025
Жетісу облысында полицейлер мал ұрлығымен айналысқан күдіктілерді анықтады
-
18:24, 24 желтоқсан 2025
Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын қызметінен босатты
-
18:23, 24 желтоқсан 2025
Тоқаевтың Астананы дамыту жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі: толық мәтін
-
18:11, 24 желтоқсан 2025
Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады
-
18:11, 24 желтоқсан 2025
Дзюдошы Әбиба Әбужақынова маусымды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтады





