Келінді кран арқылы көтеріп, терезеден кіргізген қазақстандықтар желіде талқыға түсті
Ежелгі салт-дәстүрлерді ұстанатын өңірлер елімізде әлі де баршылық. Оған желіде пайда болған видео себеп бола алады. Келін түсірген шаңырақ өзгенің босағасын аттауға келген қызды есіктен емес, терезеден кіргізген, деп жазады Stan.kz.
Көпқабатты тұрғын үйдің алдына жиналған көпшілік тойдың басталар уақытын күтті. Ұзатылып келген қыздың басына орамал жабылған, ақ босаға аттауға дайын-ақ тұр. Бір кезде қалыңдың өзін қолтықтаған жеңгесімен бірге кранға мініп, жоғары қабатқа қарай көтеріледі. Терезе арқылы үйге кіріп, келін күтіп отырған жамағатты қуантады. Той жасаған өңір үшін бұл қалыпты жағдай секілді, алайда желі қолданышулары мұның қайдан келген салт екенін анықтай алмай, қызу талқыға салуда.
Ал журналист Амангелді Батырбеков мұндай салтты қандай кезде қолданатынын түсіндірді.
“Бір үйде екі адам қайтыс болса, біріншісін есіктен, екіншісін терезеден шығарады. Мұндай салт әлемнің көптеген елдерінде бар”, – дейді журналист.
Батырбековтің айтуына қарағанда, дәл осы жағдай үйлену тойына да қатысты.
“Бір үйде екі келін болған кезде, әдетте олар бір-бірімен ұрысады. Себебі жас келіншектер бір-бірімен еріксіз жарысқа түседі. Олардың бірі міндетті түрде тамақты жақсы дайындаса, екіншісі жылда бала туады.
Әдетте тете өскен балалар немесе егіздер үйленген кезде осы салтты қолданады. Ағайындылар бір күні үйленсе, келіндердің бірі үйге терезе арқылы кіруі тиіс. Бұл салт ата-бабаларымыз киіз үйде тұрған кезде де сақталған. Бұл – шаңырақтағы келіндер тату-тәтті өмір сүрсін деген ниетпен жасалады”, – дейді журналист.
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:59, 26 сәуір 2024
Қызылорда қаласында «Жасыл аймақ» акциясына ардагерлер де атсалысты
-
09:47, 26 сәуір 2024
Алматыда жаңа жағалау пайда болады
-
09:27, 26 сәуір 2024
Әлемдік жұлдыз Зендея жаңа фильмнің түсірілімінен қанша табыс табады
-
09:09, 26 сәуір 2024
Шымкентте жалған полицейлер ұсталды
-
22:53, 25 сәуір 2024
Түркістанда әкімдік қызметкері комиссия отырысында балабақша иесін ұрып жіберген