Келешек озық технологиялы цифрлық шаруа қожалықтарында – Президент

16:23, 15 қараша 2024

© Фото: primeminister.kz

Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі маңызды екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойғанын айтты.

"Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды. Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде "Клаас" неміс концерні мен ресейлік "Ростсельмаш" компаниясы табысты жұмыс жатыр. Биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн (оның 107-сі "Клаас" компаниясына тиесілі) шығарылды. Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек".

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының экспорттық әлеуетін күшейту қажет екенін де атап өтті.

"Өзбекстан, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан және Ауғанстанға жоспарлы түрде астық тасымалдау жұмысы басталды. Иран нарығына кіруге рұқсат алып, 250 мың тонна арпа жөнелттік. Сондай-ақ Қытайға, Еуропа Одағы елдеріне және Солтүстік Африкаға астық жеткізіледі.Теңізбен тасымалдауды арттыру үшін Құрық портында жаңа астық терминалы іске қосылды",- деді Президент.

Жаңа нарықтардың азық-түлікке сұраныс көлемі ұлғайып келе жатқанын ескерсек, Солтүстік – Оңтүстік және Транскаспий бағыты сияқты халықаралық дәліздердің рөлі арта түседі

"Қазақстанды Еуразияның негізгі көлік-логистикалық орталығы ретінде құру жөніндегі стратегиялық міндет – менің кейінгі жылдардағы халықаралық деңгейде жүргізіп жатқан келіссөздерімнің басты тақырыбына айналды.Бұл мәселеде аталған дәліздерге ыңғайлы жол табу және ішкі логистиканы жақсарту өте маңызды. Сондықтан алдағы алты жылда (2030 жылға дейін) біз теміржол желісін ауқымды түрде жаңғыртуды көздеп отырмыз. Он бір мың шақырым темір жолды жөндеп, бес мың шақырымнан астам жаңа темір жол салу жоспарлануда".Мемлекет басшысы

Қазірдің өзінде "Дарбаза – Мақтаарал", "Достық – Мойынты", "Бақты – Аягөз" және "Алматы қаласының айналма жолы" сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл Орталық Азия мен Қытай бағытындағы жүк тасымалының артуына жол ашады. Автокөлік жолдарының желісін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Мәселен, жыл соңына дейін "Астана – Балқаш – Алматы", "Талдықорған – Өскемен", "Ақтөбе – Қандыағаш" және "Атырау – Астрахань" автомобиль жолдарының құрылысы аяқталады".

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!