Тоқаев агроөнеркәсіп саласының бір топ өкіліне мемлекеттік наградалар табыстады

18:25, 15 қараша 2024

© Сурет: Ақорда

Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауылшаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдері марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Жарлығымен Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні қарсаңында елдің агроөнеркәсіп кешеніндегі жемісті еңбегі, отандық ауыл шаруашылық инфрақұрылымның дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала өкілдеріне мемлекеттік наградалар табысталды, делінген Ақорда хабарламасында.

Марапаттау рәсімі, мемлекеттік награда, Генадий Зенченко, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 18:25

Сурет: Ақорда

Атап айтқанда, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы мен "Отан" ордені "Зенченко және К" серіктестігінің бас директоры Геннадий Геннадьевич Зенченкоға берілді.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласының бір топ еңбеккері ІІ және ІІІ дәрежелі "Барыс", "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еңбек Даңқы" ордендерімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі, Астана, мемлекеттік награда, агроөнеркәсіп саласы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 18:25

Сурет: Ақорда


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!