Қытайдан әкелінетін тез дайындалатын кеспелерді мамандар зертханада тексеріп көрді
© Сурет: Zakon.kz
"Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің өкілдері Ақтөбе қаласындағы дүкендердің бірінен құпия сатып алу әдісін қолдана отырып, "ЮН Н" сауда белгісіндегі "Ашлянфу" тез дайындалатын вермишелін сатып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салмағы 160 грамм, жарамдылық мерзімі екі жыл деп көрсетілген кеспенің өндірушісі - Қытайдың Сибо-Чапчал автономиялық округінен келген "Зеленое село" ЖШС.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәуелсіз сарапшылар мемлекеттік жоба аясында өнім үлгісіне зерттеу жүргізді. "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ Ақтөбе филиалының мамандары Кеден одағының "Тағам өнімдерінің таңбаламасына қатысты" 022/2011 және "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 021/2011 техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін тексерді.
Сурет: Жанна Биятан
2024 жылдың 22 қазандағы № 1729 сынақ хаттамасында ұсынылған үлгіде қорғасын, кадмий және мышьяктың улы элементтерінің төмен концентрациясы бар, ол ТР КО 021/2011 стандартталған мәндерден аспайтыны атап өтілді.
Тез дайындалатын кеспелердің таңбаламасында өндіруші белгілеген сақтау шарттары туралы ақпарат жоқ, импорттаушының атауы мен орналасқан жері көрсетілмеген, бірақ бұл үшінші елдерден тауарларды жеткізу кезінде міндетті талап болып табылады. "Ашлянфу" өнімін тұтынушыларға арналған ақпарат қытай тілінде және ішінара орыс тілінде ұсынылған, бірақ мемлекеттік тілде таңбалама жоқ. Бұл өнім туралы ақпаратты толық анықтауға мүмкіндік бермейді және КО ТР 022/2011 сәйкес еместігін көрсетеді.
"Қаптамада тамақ өнімдерінің атауы, тағам өнімдерінің құрамы, саны, жасалған күні және жарамдылық мерзімі, ұсынымдар немесе пайдалану бойынша шектеулер, тағамдық құндылық көрсеткіштері, тағамда ГМО пайдалану арқылы алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер, Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығындағы өнімдердің Бірыңғай айналым белгісі бар. ҚР ӘҚБтК-нің 203, 425, 415-баптарында ішкі нарықты сапасыз және қауіпті өнімдерден қорғау саласындағы құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Өнімнің тұтынушылық қасиетіне немесе сапасына қатысты жаңылыстыру, техникалық регламенттер мен құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сай келмейтін өнімді айналымға шығару арқылы кәсіпкер қаржылық шығынға да ұшырап, беделін де түсіруі мүмкін", – дейді "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің сарапшысы Жанна Биятан.
Сарапшылар тез дайындалатын өнімдерді сатып алғанда "ингредиенттерін мұқият оқып шығу керек" деп кеңес береді. Өйткені, олардың көпшілігінде денсаулыққа қауіпті ингредиенттер мен жасанды қоспалар болуы мүмкін.
Бұл материалды әлеуметтік жобаның орындаушысы – "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындаған.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.
Естеріңізге сала кетейік, сапасыз және қауіпті азық-түлік өнімдері ҚР МСИ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік тапсырысы аясында тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамдық ұйымдарымен тығыз байланыста жүзеге асырылып жатқан ауқымды жоба барысында анықталған.
Тұтынушы құқықтарының бұзылуына тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіз бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуыңызға болады, байланыстар: ҚР МСИ сайтында орналасқан Ақтөбе облысының сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті. Сенім телефоны: 8 (7132) 548 126).
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:56, 14 қараша 2024
Қазақстандық тұтынушылар құқықтарын қорғау: қаптамада көбіне қандай ақпарат қамтылмайды
-
23:44, 14 қараша 2024
Әрбір тұтынушыға қамқорлықпен: Қазақстандағы сүт өнімдерінің қауіпсіздігі қалай тексеріледі
-
23:39, 14 қараша 2024
Сөрелердегі қауіпсіз тәттілер: қазақстандық тұтынушылар нені білуі керек
-
23:22, 14 қараша 2024
Дүкен сөрелеріндегі сүт өнімдері: сапа мен қауіпсіздік туралы не білу керек
-
23:03, 14 қараша 2024
Мамандар тамақ өнімі таңбаламасын қалай айырып, денсаулығыңызды қалай қорғауға болатынын айтты