Түркістан облысында есірткі контрабандасына қатысты 120-дан астам шетелдік ұсталды

17:16, 15 қараша 2024

© Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Есірткі қылмысы елді алаңдатып отыр. Ұлт қауіпсіздігіне қатер төнгізетін бұл кеселмен күрес Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері тарапынан тоқтаған емес.

Мәселен тәртіп сақшылары осы жылдың 10 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 652 дерекке тосқауыл қойды. Оның 267-сі қылмыс болса, 385-і – теріс қылық. Есірткі сату бойынша 42 дерек, аса ірі көлемде есірткі сақтау – 13, құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру – 67, есірткіні, психотроптық заттарды заңсыз жарнамалау, насихаттау бойынша 8 дерек анықталған.

Есірткімен күрес, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 17:16

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Полиция, прокуратура өңір жастарымен бірлесіп, 100-ге жуық есірткіні жарнамалайтын жазбаны жойды. Заңсыз айналымнан 335 келіге жуық есірткі тәркіленді. Есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдаудың 137 арнасының жұмысы тоқтатылды.

Есірткімен күрес, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 17:16

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мысалы, контрабанданың 127-сі Өзбекстан шекарасынан Қазақстан аумағына өту кезінде анықталған. Ал 10 жайт ҚР-дан Өзбекстанға өту кезінде тоқтатылды. Күдіктілердің 88-і – Өзбекстан азаматы, 37-сі – Тәжікстан азаматы болған.

Есірткімен күрес, Түркістан облысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2024 17:16

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ал трамадолға қатысты екі қылмыстық іс, бір теріс қылық тіркелді. Мың трамадол дәрісі тәркіленді. Сондай-ақ есірткі қойып кетуші 34 тұрғын анықталып, олардан 4 келіден астам синтетикалық есірткі алынды. Тікұшақпен аудандарда есірткі егуге ықтимал жерлерге әуемен барлау жұмыстары жүргізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!