Алматы тауларында сел қаупі: тұрғындар мен туристерге маңызды ескерту жасалды

15:59, 1 шілде 2026

© Фото: Zakon.kz

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына тауға барудан уақытша бас тартуға кеңес берілді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" ұсынған дауылды ескертуге сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдеде Алматының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын күтіледі. Соған байланысты Кіші Алматы өзені алабында сел жүру қаупі жоғары.

"Қолайсыз ауа райына байланысты туристерді, қала тұрғындары мен қонақтарын жағдай тұрақталғанға дейін Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің таулы аумағына бармауға шақырамыз, – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Құтқарушылар сел қаупі бар аймақта жүрген азаматтарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынды:

  • таудағы ахуалға қатысты ресми ақпараттарды тұрақты қадағалау;
  • сел жүру қаупі төнген жағдайда дереу биік әрі қауіпсіз жерге шығу;
  • өзен арналарының бойында, сел жүруі мүмкін сай-салаларда, бөгеттердің үстінде немесе етегінде шатыр құрмау және аялдамау;
  • таудың жоғары бөлігінде нөсер жауын жауса, өзен арнасынан және қауіпті аумақтан бірден кету.

Бұған дейін синоптиктер 1 шілдеге байланысты еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!