Мемлекет басшысы Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады

16:06, 1 шілде 2026

© Сурет: akorda.kz

2026 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канада Премьер-министрін ұлттық мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, Қасым-Жомарт Тоқаев Канада күні – ұлттық мейрамына орай осы елдің Премьер-министрі Марк Карниге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент еліміз Канадамен достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық серіктестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екіжақты байланысты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марк Карнидің жауапты қызметіне табыс, ал достас Канада халқына құт-береке тіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!