Қазір біз бір Ел болып жасампаздық жолына түстік – Мемлекет басшысы
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент бүгінде әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес екенін айтты.
"Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет. Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда. Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы.
"Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз". Мемлекет басшысы
Бұған дейін президент біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын ашқанымызды айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:53, 4 маусым 2026
Шымкентте ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен күдікті ұсталды
-
14:28, 4 маусым 2026
Қызылордада «Рәміздер рухы - Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті
-
13:52, 4 маусым 2026
Мемлекет басшысы: ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың міндеті
-
13:44, 4 маусым 2026
Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды – Президент
-
13:35, 4 маусым 2026
Тоқаев «аға лейтенант» шенін алған түлектерді құттықтады





