Мемлекет басшысы: ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың міндеті

13:52, 4 маусым 2026

© Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулы жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

️Президенттің айтуынша, нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды.

"Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс".

Ол таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізетіндігін атап өтті.

"Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін президенттің Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысқанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!