Мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды – Президент
© Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Ту көтеру рәсімінде сөйлеген сөзінде ұлт тарихы мен болашағын сөз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
️Мемлекет басшысы біз өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде өзімізге сенімді болуымыз керек екенін жеткізді.
"Ешкімге жалтақтамай батыл әрекет етуіміз қажет. Бұдан басқа жол жоқ. Мақсаты айқын, көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарымыз мемлекет тағдырына жауапты екенін терең түсінеді. Олар еріктілер қатарына қосылып, қайырымдылық жасап, маңызды бастамаларды табысты іске асырып жүр. Нағыз отаншыл адам көзбояушылыққа бармайды, шын патриот ел мүддесі үшін табанды еңбек етеді. Жасампаз отаншылдық дегеніміз де – осы". Қасым-Жомарт Тоқаев
Оның айтуынша, мемлекет үшін бір күннің қамы емес, болашақтың жайы маңызды.
"Сондықтан біз Абайдың ұлағатына сай "ақырын жүріп, анық басамыз". Ұлт мүддесін бәрінен биік қойып, алысқа көз тігеміз. Төл тарихымызға құрметпен қарап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға баса назар аударамыз. Бұл бағытта белсенді жұмыс істелуде. Жошы хан жерленген Ұлытау аймағына облыс мәртебесі берілді. Елімізде Жошы ұлысын зерттеу институты құрылды. Біз бұл мекеменің ғылыми әлеуетін күшейте береміз. Көп ұзамай Қазақстан тарихының жеті томдық академиялық еңбегі жарыққа шығады. Оның бір томы түгелдей Алтын Орда тақырыбына арналды". Президент
Бұған дейін президент біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын ашқанымызды айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:53, 4 маусым 2026
Шымкентте ірі көлемдегі синтетикалық есірткімен күдікті ұсталды
-
14:28, 4 маусым 2026
Қызылордада «Рәміздер рухы - Конституцияның күші» атты жалпыұлттық патриоттық акция өтті
-
13:52, 4 маусым 2026
Мемлекет басшысы: ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, әр азаматтың міндеті
-
13:35, 4 маусым 2026
Тоқаев «аға лейтенант» шенін алған түлектерді құттықтады
-
13:23, 4 маусым 2026
Біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік – Тоқаев





