Елена Рыбакина Лондондағы жеңілісінен кейін тосын шешім қабылдады

12:32, 13 маусым 2026

© Сурет: instagram.com/wta

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Instagram-дағы аккаунты кенеттен ашылмай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лондондағы сенсациялық жеңілісінен кейін әлемнің екінші ракеткасы осындай күтпеген шешім қабылдады. WTA 500 турнирінің ширек финалында Рыбакина британдық Кэти Бултерден (WTA әлемдік рейтингінде 73-ші) 5:7, 6:2, 4:6 есебімен ұтылды.

Еленаның жанкүйерлерінің пайымдауынша, теннисші кезекті бір жеңілісінен кейін бұрқ еткен теріс пікірлерге байланысты танымал әлеуметтік желідегі парақшасын жойып тастаған.

Рыбакина, теннис, Лондон, Instagram, аккаунт, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2026 12:32

Сурет: X/sebsharfam2

Бірақ Рыбакинаның жанкүйерлері үміттерін үкілеп, спортшы қыз әлі желіге оралады деп санайды.

Бұған дейін Елена Рыбакина Metaratings Top Awards нұсқасы бойынша "Жыл спортшысы" атанғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!