«Қазатомөнеркәсіптің» ұсталған басшылары екі айға қамауға алынды
© Фото: zakon.kz
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясының өндіріс жөніндегі бас директоры К. Омарбеков пен департаментінің бас менеджері Е. Байқұлов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 26 қарашада тергеу сотының санкциясымен К. Омарбеков пен Е. Байқұловқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
Бұл шешім тағылған айыптың сипаты мен ауырлығын ескере отырып қабылданған. Сондай-ақ тергеу барысында ықтимал сыбайластар мен куәларға қысым көрсетуге, дәлелдемелерді және қылмыстық жолмен алынған мүлікті жасыруға жол бермеу мақсаты көзделген.
Қазір істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған процестік әрекеттер жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:25, 27 қараша 2026
Порнографиялық видеоға байланысты жасөспірімдердің ата-аналары жауапқа тартылды
-
18:50, 27 қараша 2026
Жамбыл облысында құмар ойындарға қатысқан төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды
-
18:34, 27 қараша 2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы үш басшысы ұсталды
-
18:17, 27 қараша 2026
«Қазатомөнеркәсіп» басшылары ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады
-
18:00, 27 қараша 2026
Алаяқтық, ұрлық және жалған ақпарат тарату: Санжар Боқаевқа сот үкімі шықты





