Жамбыл облысында құмар ойындарға қатысқан төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды
© Фото: pexels
Жамбыл облысының Жуалы ауданында букмекерлік кеңсенің қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақша тігіп келген төрт мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Олардың бірі ойын шотына 23 млн теңгеден астам қаражат аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жуалы ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің сақталуы бойынша жүргізген талдау барысында мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқанын анықтады.
Тексеру нәтижесінде жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы тұрақты түрде ақша тігіп келгені белгілі болды.
Айта кетейік, 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға заңнамалық тыйым салынған. Бұл шектеуді бұзу мемлекеттік қызметтен босатуға негіз болады.
Алайда белгіленген талаптарға қарамастан, аталған қызметшілер құмар ойындарға қатысуды жалғастырған. Мәселен, жергілікті атқарушы органның бір бас маманы ойын шотына 23 млн теңгеден астам ақша аударған.
Прокурорлық қадағалау актісі қаралғаннан кейін тәртіптік комиссияның шешімімен төрт мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан босатылды.
Прокуратура құмар ойындарға қатысу ойынға тәуелділікке ғана емес, мемлекеттік қызметшілер үшін құқықтық салдарға да әкеп соғатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:34, 27 қараша 2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы үш басшысы ұсталды
-
18:17, 27 қараша 2026
«Қазатомөнеркәсіп» басшылары ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады
-
18:00, 27 қараша 2026
Алаяқтық, ұрлық және жалған ақпарат тарату: Санжар Боқаевқа сот үкімі шықты
-
17:51, 27 қараша 2026
Қалың қар мен аяз: Алматыда алдағы күндері ауа райы өзгереді
-
17:35, 27 қараша 2026
Дауылды жел соғып, қалың қар жауады: 28 қарашаға арналған ауа райы болжамы





