Қазан айының алғашқы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

10:38, 30 қыркүйек 2024

© Фото: pexels

Zakon.kz тілшісі синоптиктерден Қазақстанда алдағы үш күнде – 2024 жылғы 1 қазан мен 3 қазан аралығында қандай ауа райы күтілетінін білді.

"Қазгидромет" РМК хабарлауынша, қазан айының алғашқы күндері республикада ауа райы құбылмалы болады.

"Солтүстік-батыс антициклон республиканың батысы мен солтүстік-батысында құрғақ және күн ашық ауа райын қамтамасыз етеді. Республиканың қалған бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын болады. Түнде желдің күшеюі күтілуде, ал таңертең — тұман болады", — делінген хабарламада.

Бұған дейін синоптиктер 2024 жылдың қыркүйек айында қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!