АҚШ-та дүлей дауылдан 105 адам қаза тапты
© Сурет: pixabay
АҚШ-тың бірнеше штатын жайпаған тропикалық "Хелен" дауылынан қаза тапқандар 105-ке жетті.
Сан бұдан да көп болуы мүмкін. Өйткені құтқарушылар дауыл ойран салған аудандардың кейбіріне әлі жеткен жоқ.
Дүлей дауыл алдымен Флорида штатына соққы беріп, кейін Джорджия, Солтүстік және Оңтүстік Каролина мен Теннеси штаттарына ойысқан.
Солтүстік Каролинадағы бір графтықтың өзінде 30 адам қаза тапты, деп жазады qazaqstan.tv.
Үйсіз қалған жандарға арнап уақытша паналар ашылды. Электр қуаты, ұялы байланыс істен шыққан.
Су тасқыны жүріп, ағаштар құлап, жүздеген жол жабылды. Сол себепті тұрғындарға қажетті азық-түлік, су және басқа да көмек тікұшақтармен жеткізіліп жатыр.
Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, дауылдан келген шығым көлемі шамамен 110 миллиард долларға жуықтаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:01, 30 қыркүйек 2024
Алматы облысының әкімдігі АЭС құрылысының басталғаны туралы қауесетті жоққа шығарды
-
14:46, 30 қыркүйек 2024
Шымкентте қоқыс жәшігін сындырғандар жауапқа тартылды
-
14:33, 30 қыркүйек 2024
Түркияда ковидтің жаңа түрі тарала бастады
-
14:17, 30 қыркүйек 2024
Балқашта атом электр стансасына су жетеді ме - министр Нұржігітов жауап берді
-
14:02, 30 қыркүйек 2024
Кездейсоқ кездесуден кейін астаналық азамат ірі сомаға борышкер болып шықты