Шымкентте ХҚКО қызметкері тұрғындардың 180 миллион теңгесін алдап алған

12:23, 30 қыркүйек 2024

© Фото: Zakon.kz

Шымкентте тұрғындарды алдап, аса ірі көлемде ақша алған халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері сотталды.

Ол жер учаскесін жекешелендіріп беремін және мемлекеттік бағдарламалар бойынша арзан пәтер алуға жәрдемдесемін деп азаматтарды сендірген, деп жазады qazaqstan.tv.

Осы қызметі үшін олардан 180 миллион теңге алғаны анықталды. Алаяққа алданған жәбірленушілер құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүр болған.

Сот шешімімен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері осы әрекеті үшін 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!