Шымкентте ХҚКО қызметкері бір топ адамды 180 млн теңгеге алдап соққан

14:28, 29 қыркүйек 2024

© Сурет: Zakon.kz

Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, сотталушы А. Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында бас маман қызметін атқарып жүріп, бірнеше жәбірленушілерге қатысты алаяқтық қылмыстарын жасаған. Сотталушы А. 2022 жылы жәбірленуші К-ға, алаңы 20,0800 гектар жер учаскесін оның атына жекешелендіріп беру, әрі қарай, тестілеу орталығын ашып, бірге жұмыс жасау, одан бөлек, мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтерді арзан бағаға алып беру үшін, алдап аса ірі мөлшерде жалпы 113 000 000 теңгені алаяқтық жолымен жымқырған.

Қалған 14 көрініс бойынша көрсетілген тәсілмен 14 жәбірленушілерден мемлекеттік бағдарламалар бойынша пәтер алып беретінін айтып алдап, бірнеше рет аса iрi мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырумен алаяқтық жасап, жалпы 71 356 000 теңге материалдық зиян келтірген.

Сотталушының кінәсі өз жауаптарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, жауап алу хаттамаларымен, беттестіру хаттамаларымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.

Сотпен, сотталушы кінәсін ішінара мойындағаны, шын ниетпен өкінбегені, 14 жәбірленушілердің аса ірі мөлшердегі талаптары жалпы 179 000 000 теңгеден асатын залал соммасы өндірілмегені және жәбірленушілердің кешірім бермегені, заңмен көзделеген бас бостандығынан айыру, қатаң жаза тағайындау пікірлері ескерілді.


"Сот А-ға ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағымен алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады. Талап арыздар қанағаттандырылды. А.-нің жасөспірім балаларына қамқоршы мен қорғаншы тағайындау мәселесін шешу, соттың қосымша шығарылған қаулысымен, тұрғылықты мекенжайы бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық жұмысын дамыту бөліміне жүктелу тапсырылды", делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!