Дәурен Қосанов Қорғаныс вице-министрі - Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды

09:02, 30 қыркүйек 2024

© Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Дәурен Қосановты Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне тағайындау туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тиісті құжатты 2024 жылғы 20 қыркүйекте Ақорданың баспасөз қызметі жариялады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", — деп жазылған құжатта.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!