Марк Цукербергің байлығы бір жылда алты есеге артып, 201 млрд долларды құрады

13:56, 29 қыркүйек 2024

© Сурет: Instagram/zuck

АҚШ миллиардері Марк Цукербергтің байлығы алты есеге өсіп, 201 миллиард долларға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 2024 жылы 73,4 миллиард доллар табыс тапты, деп жазады news.ru.

Сондай-ақ Цукерберг Bloomberg жариялаған әлемдегі ең бай 500 адамның тізімінде төртінші орында тұр. Оның алдында Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск, Amazon-ның қожайыны Джефф Безос және LVMH тобының иесі Бернард Арно тұр.

Meta Platforms Inc. акциялары бүгіндері рекордтық деңгейдегі жоғары бағамен сатылуда. 2024 жылдың басында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда оның құны 60%-ға өскен. 28 қыркүйекте оның бір акциясының құны рекордтық көрсеткішті құрап, 568,95 доллар деңгейінде саудаланды.

Бұрын хабарланғандай, Илон Маск 2027 жылға қарай әлемдегі алғашқы триллионер болуы мүмкін. Сарапшылар өз есептеулерінде оның байлығы орта есеппен 110%-ға өсетінін болжайды, ал қазіргі оның байлығы 251 млрд долларды құрайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!