Қазақстанның қай қалаларында қолайсыз метеожағдай жарияланды және бұл нені білдіреді

09:29, 13 қараша 2025

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін төрт қала тұрғынына қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) туралы ескерту жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланды.


"2025 жылғы 13 қарашада Атырау, Ақтөбе, Шымкент және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – бұл қысқа мерзімді ауа райы факторларының (тынық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы, ол жер бетіндегі ауа қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына әсер етеді.

Мамандардың айтуынша, ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада, әсіресе көлік жолдары мен өзге де ластаушы көздердің маңында ұзақ уақыт болмауға кеңес беріледі.

Ал өкпе, жүрек-қан тамыр және аллергиялық аурулары бар адамдар далада жүргенде өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі керек.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!