Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болатыны болжанады
© Сурет: freepik
Қазақстанда алдағы сейсенбі, 2025 жылғы 9 желтоқсанда қолайсыз ауа райы, онда да боран соғып, қатты жауын-шашын, көктайғақ болатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі мәлімдеді:
"Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонмен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуы әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, осыған байланысты еліміздің солтүстігінде, шығысында қалың қар түседі, ал еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын, таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп болжанады".
Сондай-ақ, болжамға сәйкес, республикамыздың басым бөлігінде боран соғып, көктайғақ болады, тұман түседі, жел екпін алады деп күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер еліміздің үш ірі қаласы бойынша алдағы үш күнге (9-11 желтоқсан) арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:02, 25 қараша 2026
Қар неге үнемі ақ болмайды: «Қазгидромет» ауа райы туралы мифтерді жоққа шығарды
-
13:54, 25 қараша 2026
Түркияда әскери тікұшақ апатқа ұшырады
-
13:43, 25 қараша 2026
Қазақстанда энергия үнемдеу талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолдану ұсынылды
-
13:32, 25 қараша 2026
Қазақстанда энергия үнемдеу талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолданылуы мүмкін
-
13:27, 25 қараша 2026
Сусынға немесе тағамға жасырын есірткі қосу: депутат спайкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды





