Сусынға немесе тағамға жасырын есірткі қосу: депутат спайкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды
© Фото: unsplash
Құрылтайдың жалпы отырысында депутат Айжан Аймағанова адамның келісімінсіз оның ағзасына қауіпті заттарды жасырын енгізгені үшін қылмыстық жауапкершілік белгілеуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутат қоғамдағы спайкинг мәселесін көтерді. Спайкинг – адамның келісімінсіз оның сусынына немесе тағамына қауіпті заттарды қасақана жасырын қосу не мұндай заттарды ағзаға өзге тәсілмен енгізу.
Айжан Аймағанованың айтуынша, мұндай жағдайда жәбірленуші не болып жатқанын аңғармай, өзін қорғау және қарсылық көрсету қабілетінен айырылуы мүмкін.
"Спайкинг көбіне жыныстық зорлық-зомбылық, тонау және басқа да қылмыстар жасау құралына айналады. Қолданыстағы заңнамада мұндай әрекеттердің жекелеген салдары үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Алайда адамның келісімінсіз оның ағзасына қауіпті заттарды жасырын енгізу әрекетіне дербес қылмыстық-құқықтық баға беру мәселесі әлі толық реттелмеген. Менің ойымша, мұндай әрекетке құқықтық баға беру үшін ауыр зардаптардың туындауын немесе басқа қылмыстың жасалуын күтудің қажеті жоқ. Адамның келісімінсіз оның ағзасына қауіпті зат енгізу әрекетінің өзі жеке құқық бұзушылық ретінде танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болуы тиіс", – деді депутат.
Осыған байланысты депутат спайкинг мәселесін жан-жақты зерттеп, оның қаншалықты кең таралғанын, себептері мен салдарын анықтауды ұсынды. Сондай-ақ мұндай деректерді жедел анықтау, токсикологиялық сараптама жүргізу және дәлелдемелерді сақтау бойынша нақты іс-қимыл алгоритмін әзірлеу қажет екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы 16 қарашада депутат Асхат Аймағамбетов те осы мәселені көтеріп, елімізде спайкинг жағдайларының жиілегенін мәлімдеген еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:43, 25 қараша 2026
Қазақстанда энергия үнемдеу талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолдану ұсынылды
-
13:32, 25 қараша 2026
Қазақстанда энергия үнемдеу талаптарын бұзғандарға қандай жаза қолданылуы мүмкін
-
13:12, 25 қараша 2026
Бір көлікке 300 литрге дейін: Алматыдағы көлік жуу орындары қанша су жұмсайды
-
13:03, 25 қараша 2026
Құрылтай депутаттары БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясын ратификациялады
-
12:49, 25 қараша 2026
«Қазатомөнеркәсіп» топ-менеджері Қуаныш Омарбеков ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады





