Ақмолада қарумен тұрғын үйге басып кірген үш адамның ісі қайта қаралады
© Фото: pixabay
Ақмола облысында түнде бетперде киіп, тұрғын үйге қарумен басып кірген үш ер адамның әрекеті кассациялық сотта қайта қаралды. Олар бұған дейін тонау бабы бойынша сотталған. Алайда Бас прокуратура қылмыстың дұрыс сараланбағанын айтып, наразылық білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаскөйлер түнгі уақытта тұрғын үйге кіріп, ондағы адамдарға күш қолданған. Сондай-ақ аңшылық мылтықтың шолақ ұңғысымен қорқытып, ақша мен бағалы заттарды талап еткен.
Нәтижесінде олар 4 млн теңгеден астам сомаға мүлікті иемденіп, үйдегі өзге адамдарды жертөлеге қамап қойған.
Бас прокуратура сотталғандардың әрекетін тонау деп саралау дұрыс емес деп есептеп, кассациялық наразылық енгізді. Себебі жәбірленушілер қарумен төнген қатерді шынайы әрі өмірі мен денсаулығына қауіпті деп қабылдаған.
Прокуратураның пікірінше, қарудың атылғаны немесе оның техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің болмауы қылмысты қарақшылық деп тануға кедергі емес.
Кассациялық сот прокуратураның уәждерін қолдап, бұған дейінгі сот актілерінің күшін жойды. Қылмыстық іс жаңадан қарауға жіберілді.
Сот түсіндіргендей, тонау мен қарақшылықты ажырату кезінде тек келтірілген залал емес, шабуылдың сипаты, қолданылған күш және жәбірленушілерге төнген қатердің қаншалықты шынайы болғаны да ескеріледі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:32, 24 қараша 2026
Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді
-
17:30, 24 қараша 2026
Ақтауда заңсыз ойын бизнесінде 63 млн теңгеден астам ақша айналымға түскен
-
17:29, 24 қараша 2026
Қостанай облысында 45 студент сабаққа бармай-ақ колледж тізімінде жүрген
-
17:15, 24 қараша 2026
Жаңбыр, қар және көктайғақ: 25 қарашада ауа райы қандай болады
-
17:15, 24 қараша 2026
Жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады: 25 қарашада ауа райы қандай болады





