Қазақстанның барлық мектебінде «Құқық негіздері» пәні міндетті болады
© Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 18 тамызда өткен Үкімет отырысында мектеп бағдарламасына енгізілетін жаңа міндетті пәндер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министр жаңа оқу жылынан бастап білім беру мазмұны бірнеше жаңа міндетті оқу курсымен толықтырылатынын еске салды.
"5-7-сынып оқушылары үшін "Конституция негіздері" пәні енгізіледі. 8-11-сыныптарда "Заң және тәртіп" міндетті оқу курсы оқытылады. Сонымен қатар 5-11-сынып оқушыларына арналған "Жеке қауіпсіздік" міндетті оқу курсы енгізіледі", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Министрдің айтуынша, бұған дейін таңдау пәні ретінде оқытылған "Құқық негіздері" енді барлық оқушы үшін міндетті болады. Сондай-ақ пәннің мазмұны жаңа Конституцияның қағидаттарына сәйкестендірілген.
"Үлгілік оқу жоспарларының құрылымы оңтайландырылды. Оқушылардың барлық пәнді толық меңгеруін қамтамасыз ету үшін қысқартылған үлгілік оқу жоспарлары алынып тасталды. Бастауыш сыныптарда бағалау тәсілдері жаңартылды. Атап айтқанда, бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) жойылды. Күнделікті немесе формативті бағалаудың рөлі күшейтілді. Диктант, мазмұндама, шығарма, жоба, ауызша және практикалық жұмыс сияқты бағалау әдістерін мұғалім өзі таңдап, аралық бағалау түрінде өткізеді", – деп толықтырды министр.
Бірінші сыныпқа қанша бала баратыны туралы осы материалдан оқи аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:53, 18 тамыз 2026
Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді
-
12:44, 18 тамыз 2026
Дәрігерлер мүмкін еместі мүмкін етті: екі аяғынан айырылған ер адам қайта жүрді
-
12:36, 18 тамыз 2026
Астанада 22 жастағы бойжеткен көпқабатты үйден құлап, қаза тапты
-
12:24, 18 тамыз 2026
Каспийдегі мұнай-газ нысандарының терроризмге қарсы қорғанысы күшейтіледі
-
12:17, 18 тамыз 2026
Қытайда биіктігі 288 метрлік жеделсаты тауға шығу уақытын алты сағаттан 30 минутқа қысқартты





