Қазақстанның алғашқы Бас муфтиі қайтыс болды
© Сурет: ҚМДБ
85 жасында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Бас муфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы дүниеден озды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) хабарлады.
ҚМДБ төрағасы және Қазақстанның бесінші Бас муфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Ратбек қажы Нысанбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Қазақстанның тұңғыш мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы хазіретіміз қайтыс болды деген қаралы хабар менің де жаныма қатты батты. Жуырда ғана Рәтбек ұстаздың үйінде болып, ахуал сұрасып, сұхбаттасқан едік. Ақсақалдың дәм-тұзы таусылған екен. Алла алдынан жарылқасын. Иманы өзіне серік болсын. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан марқұмның отбасына, туған-туыстарына, еліміздегі барша мұсылман қауымына көңіл айтамын. Марқұмның мәңгілік мекені жәннат болғай. Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти
ҚМДБ төрағасының сөзінше, Рәтбек хазіретіміз мүфти болған жылдары мұсылман мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты арттыра түсті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іргетасын қалаған Рәтбек Нысанбайұлы өзі басқарған мерзім ішінде 30-дан астам мешіт салдыруға ықпал етті.
Халықтың діни сауат ашуына ден қойды. Рәтбек қажы ақсақалдың мүфтилік кезеңі "алғашқы сауат ашу кезеңі" деп аталды. Өйткені, осы кезеңде халықтың діни сауатын ашу маңызды істің бірі болды. Ұстазымыз бойында бар күш-қайратын шәкірт тәрбиелеуге арнады. Өзінен кейінгі шәкірттеріне әрқашан ағалық кеңесін айтып, жанашырлық танытты. Алла Тағала Рәтбек хазіретіміздің отбасына көркем сабыр бергей. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болғай. Діни салада жасаған сауапты амалдарының игілігін көргей. Әмин. Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти
1990 жылдың 12 қаңтарында Алматыда Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайы өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды.
ҚМДБ Ташкенттегі Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан (САДУМ) бөлініп, дербес Діни басқарма болды.
ҚМДБ-ның алғашқы төрағасы, Бас мүфти болып Рәтбек қажы Нысанбайұлы сайланды.
Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы "Мир-Араб" медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат және құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды. Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды.1990 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын құрып, бас мүфти болып сайланды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды.
Zakon.kz редакциясы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:32, 16 қаңтар 2026
Үш ірі қаладағы доллар, еуро және рубль бағамы жарияланды
-
12:24, 16 қаңтар 2026
АҚШ Айға «қауіпсіз» ядролық реактор орнатып, бірінші болып қоныстануды жоспарлап отыр
-
12:15, 16 қаңтар 2026
Нұржан Тұрсынханов Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің орынбасары болды
-
12:03, 16 қаңтар 2026
«Үш сағат бойы іздеді»: он жастағы балаға суасты жыртқышы шабуылдады
-
11:58, 16 қаңтар 2026
Үкімет азық-түлік қауіпсіздігін бақылау ережелерін жаңартты





