«Алматы су» экологиялық заңбұзушылықтар үшін 14 млн теңгеге айыппұл арқалады
© Сурет: 2гис
Алматы облысы Іле ауданының прокуратурасы"Алматы Су" МКК қызметінде экологиялық заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, Іле ауданы тұрғындарын алаңдататын өзекті мәселелердің бірі – Сорбұлақ су айдынына бағытталған қалалық кәріз жүйелерінен тарайтын тұрақты жағымсыз иіс. Аталған кәріз желілері "Алматы Су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының балансында тұр.
Экология саласының мамандарымен бірлесіп жүргізілген тексеру барысында экологиялық заңнама талаптарының бұзылғаны анықталды.
"Атап айтқанда, алынған 48 сынаманың 21-інде метан, күкіртсутек және меркаптан заттарының шекті жол берілетін концентрацияларының асып кетуі тіркелген. Сонымен қатар, жақын маңдағы ауылдық округтердің 400-ден астам тұрғыны тыныс алу органдарының әртүрлі аурулары бойынша медициналық есепте тұрғаны белгілі болды. Іле ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде Экология департаменті "Алматы Су" МКК-ны әкімшілік жауаптылыққа тартып, 14 млн теңге көлемінде айыппұл салды". Алматы облысы прокуратурасы
Бұдан бөлек, кәсіпорынға экологиялық заңбұзушылықтарға әкеп соққан себептерді жою туралы нұсқама берілді.
Қазіргі уақытта анықталған бұзушылықтарды жою бойынша тиісті шаралар қабылданып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:15, 4 наурыз 2026
Жаңа Конституция қабылданса, 30 тамыз мерекесі күшін жояды
-
12:03, 4 наурыз 2026
Павлодарда полиция қызметкері зейнеткердің 1,5 млн теңгесін алаяқтардан сақтап қалды
-
11:51, 4 наурыз 2026
Көктайғақ, жауын-шашын, боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
-
11:40, 4 наурыз 2026
Қазақстанда сұйытылған газды экспорттау тыйымы тағы алты айға ұзартылды
-
11:27, 4 наурыз 2026
Қостанай облысының тұрғындары қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілді





