Қазақстан U19 бокстан әлем чемпионатында сегіз медаль жеңіп алды
© Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы Черногорияның Будва қаласында 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен бокстан әлем чемпионатында бір алтын, үш күміс және төрт қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медальді 80 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Зарина Толыбай салды. Финалда отандасымыз Ресей өкілі Самира Итониеваны жеңді.
Тағы үш қазақстандық боксшы күміс жүлдегер атанды. Алина Құдайгенова (57 келіге дейін) финалда ресейлік Анастасия Голуновадан жеңіліп қалды.
Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) ирландиялық Джон Донохиге есе жіберсе, Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) Өзбекстан өкілі Ислам Салиховтан жеңілді.
Қола медальді Мадира Жұмақан (51 келі), Индира Қыдырмолдаева (60 келі), Данияр Ақбисенов (60 келі) және Еркетаң Жарқынбек (90 келі) иеленді.
Жалпыкомандалық есепте бес алтын және бес күміс медаль жеңіп алған Ресей құрамасы бірінші орынға шықты. Үш алтын, екі күміс және екі қола медаль еншілеген Өзбекстан боксшылары екінші орынға тұрақтаса, екі алтын, бір күміс және екі қола медаль алған АҚШ құрамасы үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға жайғасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:41, 28 қазан 2026
Қызылорда облысында жолақыны негізсіз көтерген таксист сотқа тартылды
-
20:19, 28 қазан 2026
Тоқаев пен Ердоған әуежай залында аз-кем әңгімелесті
-
20:00, 28 қазан 2026
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
-
19:53, 28 қазан 2026
Астаналық жас жігіт сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасаймын деп бес тәулікке қамалды
-
19:50, 28 қазан 2026
Жібек Құламбаева әлемдік рейтингтегі жеке рекордын жаңартты





